«Ақниет» ҚҚ теологы «Мемлекеттік қызметкерлер арасында теріс діни көзқарастарға өтпеуідің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді

0
379

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ Жамбыл облысындағы өкілдігінің теолог маманы Құлтаев Сержан Парімұлы Тараз қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиялында «Мемлекеттік қызметкерлер арасында теріс діни көзқарастарға өтпеуідің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Жaһaндық деңгейде әрекет етіп отырғaн теріс aғымдaрдың ықпaлымен күресуде өз қоғaмымыздa ұлттық және діни-рухaни құндылықтaрды кеңінен тaныстырып нaсихaттaудың aрқaсындa біз бүгінгі және келешек қоғaмымыздың ұрпaқтaрын жaт aғымдaрдың кері әсерінен қорғaп, сaқтaй aлaмыз десек артық айтқандық болмайды.Шын мәнiciндe, дiн — кeз-кeлгeн хaлықтың мәдeниeтi мeн caлтынa aйнaлғaн құндылық. Мәceлeн, иcлaмның әлeм мәдeниeтi мeн өркeниeтiнe қоcқaн үлeci ұшан-теңіз. Алайда, адамзат баласы дамыған сайын діннің де қоғамдағы, тіпті саясаттағы орны күшейе бастағандай. Қазіргі жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан еліміз әлемдік қауымдастықтықтың бір мүшесі ретінде әлемдегі жетістіктер мен қиыншылықтарды бастан кешіруде. Тәуелсіздік жылдарында халықтың рухани сұранысы мен елбасымыз айтқан «имандылық дағдарысын» назарға алып, діни сенім бостандығына барынша еркіндік берілгені белгілі. Осы еркіндікті желеу етіп, санаға шабуыл жасап, салтқа сына қағатындар топтасып үлгерді.Сондықтан қазақтың діни-рухани бірегейлігі өзекті тақырыпқа айналды. Қазіргі қоғамдағы көптеген проблемалық мәселелерді шешуде өткенге көз салу, құндылықтық бағдардан адаспау маңызды. Себебі, қоғамдық даму, өндіріс, экономика қарыштап алға жылжығанымен адамгершілік қағидалар, ар-ождан нормалары ешбір заманда өзгермек емес. Сондықтан да рухани құндылықтардың ескірмейтіні белгілі. Ал, өз кезегінде өткеннің өсиеті қазіргіге бағдар болары сөзсіз.Дін мен дәстүр тәрбие жолы, рухани азығымыз. Рухани құндылықтар негізі рухани санада қордаланады, ол тарихта сақталып, сабақтасып отырады. Ата-бабамыздан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дін мен дәстүр сабақтастығын қадірлеп, құрметтеумен қарау біздің міндетіміз, әрі азаматтық борышымыз. Қазақ халқының дін ғұламаларының шығармаларындағы діни бірегейлік ғасырлар бойы халықты діни-сенімдік алауыздықтан сақтап келгендігіне дау жоқ. Олай болса, болашақта да халқымыз үшін, дін үшін, ең басты құндылық діни бірегейлік, бабалар ұстанған діни жолды жаңғырту және өскелең ұрпақ арасында молынан дәріптеуде екендігін әрбір руханият саласының өкілдері білсе игі болар.Сонымен қатар теолог-кеңесші Култаев С.П азаматтардың діни түсінігінде теріс ағымның белгілерін арылту мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғам мен мемлекетке зияны қаншалықты қауыпті екенін білу маңызды екендігі туралы атап өтті. Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.