ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҚТА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ (ФОТО)

0
645

Бүгін Қазақстан Республикасының  30 жылдық мерейтойы аясында Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Атадан мал қалғанша тал қалсын» атты  ағаш отығызу шарысын ұйымдастырды.

Игі бастама Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың ұсынысымен, Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың басшылығы тарапынан қолдау тауып,  қалаға қарасты  89 мешіттің имамдары мен қалалық «Жастар ісі» секторы, «Зекет және қайырымдылық» қоры мен ерікті азаматтар қатысып, ағаш отырғызды.

Айта кетсек,  осы жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» ашылған болатын. Ендігі жерде, бөлінген жер аумағына түрлі сұрыптағы ағаштар отырғызып, тұрақты тазалық шаралар өткізіліп келеді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі