Ислам – универсалды дін. Ол тек құлшылық атрибуттарынан ғана тұрмайды. Немесе ол тек мешітке ғанабайланып тұрған дін емес. Рас, Исламның негізгі тірегі ол – құлшылық. Ол құлшылық аясындағы кең мағыналы ұғымдыбілдіреді. Ол жайында Құранда «Жын мен адамзатты Өзімеқұлшылық етулері үшін ғана жараттым» –дейді (Әз-Зәриятсүресі, 56-аят). Бірақ ол құлшылық белгілі бір уақытты, белгілі бір орынды ғана қамтитын құлшылық емес. Олқұлшылық адамның бүкіл өмірін, тағдырын қамтиды. Яғни, Исламды қандай да бір жасанды түрде шектеушілік олешуақытта Исламға алып бармайды. Ислам – біздіңойымызға, қандай да бір іс-әрекеттерімізге бағынбайды. Керісінше біздің бар ой-пікіріміз, іс-әрекеттеріміз, армандарымыз Ислам үкім мен талаптарына үндесіп отырыкерек-ақ. Адам баласының өмірі Исламға байлаулы. Исламнан тыс адам баласы ешқандай да бақытқа, жақсылыққа жете алмақ емес. Ислам – адам өмірінің бар тұсына араласа алады. Адам өмірінің, қоғамның бірмәселелерін қарастырып, енді бір мәселелерінде шорқақтықтанытатын ол әсте шектеулі дін емес. Бұл арада исламныңимманенттік атрибуттары аясында кеңірек баяндауға да болады.