Бас имам ЖАНТ мүшелерімен кездесті

0
10

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшелерімен кездесу өткізді.

Жақында елордада Жергілікті ақпараттық насихат тобының қызметіне арналған онлайн семинар өтіп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ЖАНТ мүшелері жұмысының маңыздылығы жайында айтып, уағыз айту тәсілдері жайлы дәріс оқыған еді. Аталмыш семинарда айтылған нәрселерді ескеру, сондай-ақ өңірде карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты офлайн форматтағы кездесулерге басымдық беру жөнінде бас имам Әнуар Ізімбайұлы сөз қозғады.

«Жылдың соңы аяқталып келе жатыр. Биыл атқарған жұмыстарыңызға алғыс білдіремін. Алла сіздерге разы болсын. Жаңа жұмыс жылында өңіріміздегі ауа-райының қолайлылығын пайдаланып, ЖАНТ мүшелерінің қалааралық, ауданаралық іс-сапарлары барысында жамағатпен кездесулерін көптеп өткізуді тапсырамын» деді бас имам.