Қала жастары әлем чемпиондарымен кездесті

0
405

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» жобасы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала жастары әлем чемпиондарымен кездесті.Жиында жас толқын төрткүл дүние көз тіккен айтулы байрақты бәсекелерде жеңістің төрін бағындырып, елдің көк туын көкте желбіреткен жандарға сауалдарын бүкпесіз жолдады.

Кездесудің басты мақсаты қоғамның қозғаушы күші — жастардың қазақ тариxында есімдері алтын әріппен жазылған кейіпкерлермен кездесіп, чемпиондардың танылуына жол ашу болды. Сонымен қатар бос уақытын тиімді пайдаланып, спортқа деген құлшыныс-құрметін еселеу болып табылады.Басқосуға каратэден  халықаралық «Токио – 2020» Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асәділов, пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген спорт шебері, Әлем Чемпионатының 7 дүркін жеңімпазы Ксения Хан, кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әлем Чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Фазлиддин Сафаров қатысты.