«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының фракция отырысы өтті

0
404

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын талқылау;

2. Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: атты «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысы және орындалмай қалу қаупі бар іс-шаралар байынша тиісті басқарма басшыларының жұмысы туралы;

3. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің Шымкент қаласында болған іссапары бойынша берілген хаттамалық тапсырмасына сәйкес, партия фракциясы 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің жобасын қарау кезінде партияның сайлауалды міндеттемелерін бірінші кезекте қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыру.

Мәслихат депутатттары, фракция мүшелері Д.Қожамжарова, С.Қуандық бірінші мәселе бойынша пікірлерін білдірді.

Екінші мәселе бойынша Кәсіпкерлік және инновациялық даму, Ауыл шаруашылығы және ветеринария, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық жайлы ортаны дамыту, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Білім басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы 2022-2024 жылдарға Жол картасында атқарылатын іс-шараларға қаржы қарастырылғанын мәлімдеді.

Жол картасына 2021 жылы 330 миллиард теңге бөлініп, биылға жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалады деп күтілуде. Ал, 2022 жылға 160 милллиард теңге қарастырылуда. 2023 жылға 150 миллиард теңге, 2024 жылға 210 миллиард теңге жоспарланып отырғанын жеткізді.

Фракция мүшелері мен басқарма басшыларына Партияның Әдеп кодексіне байланысты бірқатар тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов «Үздік депутат» медалімен Т.Сұлтанова мен М.Жолдыхожевты марапаттады.