Діни басқарма халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді

0
499

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай жоспарланған. Жиында Түркия, Ресей, Маңғолия, Қырғыстан, Өзбекстан сынды елдердің Бас мүфтилері қатысып, тәуелсіздік мерекесіне орай ізге тілектерін білдіріп, баяндама оқыды. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өткен конференцияда екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Конференция соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жиынға қатысқан көршілес елдердің Бас мүфтилерін «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.