БАС МҮФТИ МАРОККОНЫҢ УАҚЫПТАР МИНИСТРІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

0
128

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігінің Уақыптар және Ислам істері жөніндегі министрі Ахмад ат-Тауфиқ мырзаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бас мүфти Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісінен көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.    

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және жеке өз атымнан бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын. Алла Тағала зілзаладан зардап шеккендерге жар болып, қайтыс болғандарды мейіріміне алсын. Қайғылы сәтте қазақ халқы Сіздер үшін дұға етеді. Алла Тағала Марокко халқына жар болсын» делінген жеделхатта.