Барлық мақтаулар мен мадақтар бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән.

Адамзаттың ардақтысы ақырғы елші Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың сәлемі мен игілігі болсын.

Ұрпақ тәрбиелі болса,сол ұлттың болашағы жарқын болады – демекші, дана    халқымыз бала тәрбиесін ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді қолға алған.Өйткені  бала ана құрсағында болғанда, анасы нені көп үйренсе, нені көп  білсе кейін бала сол нәрсені тез игереді екен.

Әрине әрбір ата-ана АллаТағаладан жақсы перзент беруін  тілейді.Сол баланы тәрбиелеу,оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда да бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Өйткені баланы тәрбиелеу сонау ерте заманнан бері күні бүгінге дейін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналған..

Бүгінгі бала елдің ертеңгі болашағы.Сондықтан ертеңін ойлаған әрбір ата- ана бала тәрбиесіне бей-жай қарамағаны жөн. Бала өмірге келгеннен кейін оны тәрбиелеудің ең маңызды жолы оған мейірім мен сүйіспеншілік таныту.Өйткені мейірім мен сүйіспеншілікке және ата-ана махаббатына бөленіп өскен бала есейе келе дұрыс жолға түседі және сонымен қатар адамдарға мейіріммен қарап, кеңшілік танытады.

Ақиқатында балаға берілетін тәрбиенің ең бастысы- имандылық. Имандылық- бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы. Имандылық тәрбие беру ата-ананың баласының алдындағы ең алғашқы міндеті. Сондықтан тәрбиені діннен бөлек алып қарауға әсте болмайды. Сол себепті балаға Жаратқан Иесі жайлы танымды үйрету, шынайы мұсылман болып өсуіне жағдай жасау басты міндет, басты мақсат. Бұл жайында Құран Кәрімде:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَاراً

«Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!»[1] деп бұйырған.

Бұл аяттың мағынасына қатысты имам Табари өз тәпсір кітәбінің 28-том, 165-бетінде былай деген: «Бір-бірлеріңе және жанұяларыңа Алла парыз қылған құлшылықтарды үйретіп өздеріңді және жанұяларыңды тозақ отынан сақтаңдар»-десе, имам Қуртубидің тәфсирінде 18-том, 196-бетінде  имам Муқатил ибн Хайам: «Бала шағамызға дінді, хайыр жақсылықтарды және дін этикасын үйрету бізге міндет» — деп түсіндіреді.

Сондай-ақ тәрбие мәселесіне қатысты тағы бір Құран аятында былай делінген:

وَأْمُرْ أَهْلَكَ بِالصَّلَاةِ وَاصْطَبِرْ عَلَيْهَا

«Үй ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл»[2].

Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) хадис шарифінде адамдардың жауапкершілігі жайында соның ішінде тәрбие турасында былай деген:

عن عبد الله بن عمر رضي الله عنهما عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: أَلَا كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، فَالْأَمِيرُ الَّذِي عَلَى النَّاسِ رَاعٍ، وَهُوَ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ عَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَهُوَ مَسْئُولٌ عَنْهُمْ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ عَلَى بَيْتِ بَعْلِهَا وَوَلَدِهِ، وَهِيَ مَسْئُولَةٌ عَنْهُمْ، وَالْعَبْدُ رَاعٍ عَلَى مَالِ سَيِّدِهِ وَهُوَ مَسْئُولٌ عَنْهُ، أَلَا فَكُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْئُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ. متفق عليه.

Ибн Омар (Алла одан разы болсын): «Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Әр қайсыларың бақташысыңдар және (барлықтарың) қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар. Ел билеуші бір бақташы және қоластындағылары (халқы) үшін жауапты. Ер адамжанұясының бақташысы және солар үшін жауапты. Әйел ерінің шаңырағы мен бала-шағасының бақташысы және сол үшін жауапты. Қызметші де қожайынының дүние-мүлкінің бақташысы және сол үшін жауапты. Қысқасы әр қайсыларың бақташысыңдар және қоластындағыларың үшін жауаптысыңдар»,- деп айтқанын естідім — деген[3].

Халық даналығында  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өсиетті сөздерінің бірінде: «Сәби дүние есігін ашқанда ата-ананың бала алдындағы үш міндеті болады. Олар – балаға жақсы ат қою, дұрыс тәрбие беру, уақыты келгенде үйлендіру» деген.

Хакім Абай атамыз : Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады –дейді.

 Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі «ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген екен Платон.

Қорыта айтқанда бүгінгі ұрпақтарымыздың бойына ұлттық дәстү рімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларымызды олардың санасына сіңіре білу.Отанын, елін, жерін сүйетін патриоттық сезімді қалыптастыру сіз бен біздің, әрбір ата-ананың азаматтық борышымыз болып есептеледі.

Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас» -деген.

АллаТағала баршамызға иманды, ибалы, салихалы, білімді,өз ұлтын, дінін сүйетін ұрпақ тәрбиелеуімізді нәсіп еткей! Әмин!

 «Әділ Омар» мешітінің имамы Исхаков Абдулахат.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *