Арабтану орталығының халықаралық қатынастары нығаюда

0
598

Біріккен Араб Әмірліктерінің Халықаралық мәдени дипломатия институтының директоры Доктор Мухаммед Кәмил Әл-Муғини бастаған, ақын-жазушылардан құралған делегация университетімізге арнайы сапармен келді. Шығыстану факультетінің деканы доктор Ықтияр Палтөре мырза қонақтарды Университеттің тарихымен, мүмкіндіктерімен, бөлімдерімен, кітапханасымен аралап таныстырды. Делегация мүшелері игі пікірлерін білдірді. Университет кітапханасына еңбектерін тапсырды.Содан кейін арнайы ат басын бұрып, Шығыстану факультетінің кафедраларымен танысты, факультеттегі орталықтарды аралады. Арабтану орталығымен алдағы уақытта әріптестікті нығайтуға, екі елдің қарым-қатынасын күшейтуге ықпал ететін ортақ ғылыми және мәдени шараларды бірге атқаруға уағдаластық.