Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне лаңкестік әрекет жасау әрекетінің алдын алғаннан кейін үкіметке тарихи орынға стратегиялық мәртебе беруді сұрап хат жолдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Аймақ басшысы кесене аумағында теракт қайталанбасына ешкім кепілдік бере алмайтынын айтты. Осыған орай, бұл жерді ерекше күзетпен қамтамасыз ету мақсатында әкімдік үкіметке Қожа Ахмет Яссауи кесенесін стратегиялық маңызы бар кесенелердің қатарына қосуды сұрап, хат жолдады. “Оқиға (теракт жасау әрекеті – ред. ескерт.) ақпан айында болды. Мен өзім БАҚ-тағы ақпараттың арқасында білдім. Менің мәліметім бойынша, мұндай әрекетті Тәжікстан азаматы, шет елдің азаматы жасамақ болған көрінеді. Ол басқа ағымның жақтаушысы болуы мүмкін. Неге мұндай әрекетке барғанын білмеймін, айта алмаймын. Біз үкіметке кесенені стратегиялық нысандар тізіміне қосуды сұрап хат жолдадық. Тізімге енгізілгеннен кейін арнайы күзетпен қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары жүргізіледі”.Дархан Сатыбалды Биылғы қыркүйекте ШЫҰ АТҚ Кеңесінің 40-отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда екі лаңкестік әрекеттің алдын алғанын айтты: Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін бұзу және Астанадағы қарулы шабуыл.
Соңғы жазбалар
Қазақстанда қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы тақырыптық апта өткізу ұсынылады
2021 жылғы 9 желтоқсан, Нұр-Сұлтан. Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы, оның барлық белсенді мүшелердің, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің,...
ДІНИ КОНФЕССИЯ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚМЕШІТ» КОМАНДАСЫ ТОП ЖАРДЫ
Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласының Дін істері басқармасы және Сарын Қоғамдық Қайырымдылық Қорының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30...
Қазақстан Республикасының айтулы мереке күндері
Егеменді ел болып, етек-жеңімізді жиып ұлттық болмысымыз оянып, санамызға сәуле шуағы тарап, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың, тіліміздің, дініміздің жоғалтып алған өмірлік нышандарын жаңғыртып,...
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ МОҢҒОЛИЯ МҮФТИІМЕН СҰХБАТТАСТЫ
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек Хадыспен кездесті.




