Алматының екі ауданы лаңкестерден тазартылды

0
414

Алматының Алатау және Медеу аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы хабарлады.Арнайы операция барысында лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 мың 678 қатысушысы ұсталған. 36 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 476 оқ-дәрі тәркіленіпті.

«102» пультіне небәрі 881 хабарлама келіп түссе, комендатураның Кол-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін  136 дабыл түскен.