11 Ирак әскері қаза тапты

0
401

Ирактың шығысында террор ұйымы ДАИШ тарапынан армияға қарсы ұйымдастырылған шабуылда 11 Ирак әскері қаза тапты, деп TRT  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Дияла операциялар қолбасшылығының мәлімдемесіне қарағанда террор ұйымы ДАИШ Дияла уәлаятына қарасты Узайм ауданында шабуыл жасады.

Шабуылда 11 Ирак әскері көз жұмды.

Террор ұйымы ДАИШ-тің шабуылынан кейін аймаққа жоғарғы деңгейдегі бір әскери делегацияның барғаны және шабуылға байланысты тергеу жұмыстарының басталғаны білдірілді.