Түркия Қазақстанға жойғыш дрондарын жеткізеді

0
366

Бұл туралы Түркияның TUSAŞ аэроғарыш компаниясының бас директоры мәлімдеді.

«Жақын айларда Түркия Қазақстанға Anka ұшқышсыз ұшатын жойғыш аппараттарының бір партиясын әкеледі», – деді Темел Котил.

Оның сөзінше, қазіргі күні жойғыш дрондарды жеткізу бойынша басқа да елдермен келіссөздер жүріп жатыр.

«Бүгінде Түркия ұшқышсыз аппарат жасауда шетелдің технологияларына тәуелді емес. Anka-ның қозғалқыштары да өзімізде жасалады. Бұл аппараттарға сұраныс өте жоғары», – деді ол.

Бас директор Anka жойғыш дронын жетілдіру жалғаса беретінін және оның игілігін басқа да достас елдер көретінін жеткізді.