Шымкентте «ZEKET HUB» қайырымдылық орталығы ашылды

0
395

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы ашылды.

Айтулы шараға Шымкент  қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов,  найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, қалалық «Уақып» қорының өкілі Ералы Есенгелдиевтер қатысты.

Игі шара барысында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы ашылу сәтінде қайырымдылық орталығының жұмысымен танысып,  жоспарлы түрде дамыту, насихаттау жұмыстарын күшейтуді атап өтті. Мұнымен қатар,  басқосу аясында бес аудандық  мешіт бойынша жауапты өкілдеріне сенім куәлігі тапсырылды. 

Айта кетейік, «Zeket HUB» қайырымдылық орталығы мұқтаж отбасылардың базасын жасап, тұрақты түрде азық-түлікпен қамтамасыз ету. Және жергілікті әкімдіктермен және «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы бірлесіп жұмыстар атқаратын болады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі