ШЫМКЕНТТЕ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ АЛДЫҢҒЫ ЖЫЛҒЫ КӨРСЕТКІШТЕН 5,0 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН

0
618

Шымкентте өнеркәсіп саласы өткен жылы кәсіпорындарымен 785,4 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өңдеу өнеркәсібінде 679,1 млрд. теңге көрсеткіш көрсетіп, алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,0 пайызға өскен. Оның ішінде:• мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 7,8 %;• жеңіл өнеркәсібі 2,7 %; • сусындар өндіру 13,1 %; • химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 1,9 %; • дайын металл бұйымдарын өндіру 28,2 %;• машина жасау 42,8 %;• қағаз өндіру 13,0 %-ға өсті. Сонымен қатар, инвестиция саласы бойынша 2021 жылы қала экономикасына — 462 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,3%-ға артты. Ал 2022 жылғы жоспар бойынша – 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Жалпы осы сала бойынша алдағы 5 жылда 4,6 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы