«Ақпартты тікелей қабылдау – діни фанатизмге апарады» атты кездесу өтті

0
382

Шымкент қаласы білім басқармасы «Индустриалды-техникалық колледжінде» рухани тәлім тәрбие Ихсан іліміне байланысты  «Ақпартты тікелей қабылдау – діни фанатизмге апарады» атты семинары ұйымдастырылды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға Шымкент қалалық  уағыз-насихат бағытына жауапты бірінші найб имам Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, рухани тәрбие және дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде уағыз-насихат айтты.  

Басқосу аясында дінтанушы Мұсабек Ақтамберді қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жан-жақты ғылыми тұрғыда жауап берді.  Игі шара барысында «Индустриалды-техникалық колледжінің» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанат Ибраимқұлов алғыс айтып, ризалығын  білдірді.

Айта кетсек, қалылық ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен қала аумағында орналасқан барлық жоғары және орта арнаулы оқу орындарында түрлі деңгейде кездесулер мен басқосулар ұйымдастырылып келеді.