Бүгінде теріс діни ағымдармен күрес, олардың алдын алу – өзекті мәселелердің бірі. Шымкент қаласы діни істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қараша айында театырландырылған көрсетілімдер ұйымдастыру жоспарланған болатын.

Осы жоба аясында 15-16 қараша күндері Шымкент қаласында Сайрам тұрғын алабындағы қалалық өзбек драма театрында теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру, тұрғындар арасында діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған «ТОР» (өзбекше Қафас) тақырыбындағы қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымды тамашалауға тұрғындар мен колледж студенттері, жалпы 350-ден астам көрермен жиналды.

Театрланған көрсетілім түрлі жат ағымдардан аулақ болуға үндейді. Спектакльде әлеуметтік желілерден радикалды уағызшылардың ықпалына құрығына түскен азаматтық басынан кешкен уақиғалары баяндалады. Аталған қойылым болған уақиға желісі бойынша дайындалған.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *