«КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

0
367

Өткен аптада Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының «Зекет және қайырымдылық» қоры республика көлемінде «Күшіміз – бірлікте» акциясын ұйымдастырды.

Қайырымдылық акция аясында мұқтаж 6884 отбасыға көмек көрсетілді. Әр отбасыға шамамен 20 келіден астам қажетті азық-түлік салынған 140 мың тоннаға жуық қорапты еліміздің барлық аймағында зекет қызметкерлері, имамдар мен еріктілер таратты.

Көмек алушылардың қатарында көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім-жесірлер бар.

Еске сала кетейік, қаңтар айында өткен «Күшіміз – бірлікте» акциясына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, игі іс-шараға мұрындық болған қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірген болатын. Сонымен қатар Бас мүфти қайырымдылық бағытындағы ауқымды акцияның жыл бойы жалғасатынын жеткізген еді.