МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
409

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы, Оспанов Берік Серікұлы, Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы, Бекжанов Берік Айдарбекұлы, Шымкент қаласының жастарымен кездесті.

Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жастарға байланысты берген нақты тапсырмаларын талқылау мақсатында қала жастарымен, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас спортшылар, жас кәсіпкерлер, шалғай елді мекендердегі жастармен жүздесіп, маңызды тақырыптар қозғалды.

Кездесуде жастардың білімі мен біліктілігін жетілдіру, жұмыссыздық, жаңа экономикаға қажетті кадр тапшылығын шешу, баспана, секілді өзекті проблемаларды жоюда бірлесіп жұмыс атқару маңыздылығы айтылды. Жастар көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтартарды халық қалауларына қоя отырып, өздерінің ұсыныс-тілектерін де жеткізді.