Дін істері комитеті төрағасы ЖАНТ мүшелерімен кездесті

0
345

Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасы  Нүкежанов Ержан Болатханұлы Шымкент қаласы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Дін істері комитеті төрағасы Ержан Болатханұлы Шымкент қаласының бас мешіті  «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti»  орталық мешітіндегі «Қажылық және ішкі туризм», «Ихсан бөлімі», «Мұнара тв» телеарнасының Шымкенттегі  бөлімшесі мен  «Iman.kz»  студиясының атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, өте риза екендігін білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасы  Нүкежанов Ержан Болатханұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаевтар Шымкент орталық мешіті жанындағы жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшелерімен де кездесті.

Кездесуде Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы осы бағыттағы жұмыстары туралы қысқаша баян етті. Мұнымен қатар, жат ағымдар мен жұмысы және діни оңалту бағытына жауапты Дастан Желеуовтың баяндамасы тыңдалды.

Жалпы, кездесу аясында өзекті мәселелер көтеріліп, оны шешу жолдары түсіндірілді.