«MIRAS» КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

0
478

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Шараға қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатысты.

Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы қызу талқылануда. Осы орайда Қоғамдық кеңес мүшелері де Жолдауға қолдау білдіріп, пікірлерін ортаға салды.

Ел дамуының жаңа бағытын айқындаған тарихи құжатта алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформалар және еліміздің даму бағыттары айқындалған. Жолдау бүгінгі заман ағымына, қоғамдағы қалыптасқан жағдайға, оның ішінде әлемдік саяси ахуалға байланысты өте нақты әрі уақытылы жасалған. Мемлекет Басшысы тапсырған бастамаларды іске асыруға партиялықтар белсене кірісуге дайын екендігі анық.

Мәжілісте саяси құжаттың ерекшелігі туралы партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері Шерім Медеуов, Бақтияр Тайжан, Ұлықпан Башенов, Бейсенкүл Нарымбетова Жолдауды іске асыру тетіктері мен жолдары бойынша пікірлерін білдірді.Сонымен қатар, мәжіліс барысында мәдениет саласындағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар мен тілектер айтылып, хаттама түзілді.