Жамағат арасындағы зияткерлік жарыс

0
372

«Бекет-Ата» орталық мешіті мен «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы бірлесіп жамағат арасында «Білім бәйгесі» тақырыбында зияткерлік сұрақ-жауап ойынын өткізді.⠀Іс-шараға 200-ге жуық жамағат қатысып, оларға тарих, ұлттық құндылықтар және дәстүрлі ислам түсінігінде сұрақтар қойылып, бақтарын сынады. Ұшқыр ой зеректігі мен діни сауаттылықтары сыналды.⠀Ұйымдастырушылардан құралған әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.⠀Нәижесінде зияткерлік ойынға қатысып, сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап берген азаматтарға сыйлықтар табыс етілді.⠀Сонымен қатар ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Ануар Ізімбайұлы жамағатқа ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Сүгірбай Аят Исатайұлын таныстырып, сөз берді.⠀Аят Исатайұлы қоғамымыздағы өзекті мәселелерге тоқтала келе: «Өз ұлтыңды сүю, Құран аятына амал ету. Екіншіден, тіліңді сүю. Тілі жоғалған ұлттың өзі жоғалады. Тіл мен діннің де жақындығы бар. Үшіншіден, Отанды сүю. Отанды қадірлеу, жерді қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әскери борышымызды өтеуден қашпауымыз керек», – деді.⠀Сондай-ақ, қоғам белсендісі ұлттық құндылықтарды, соның ішінде домбыраны қастерлеуге үндеді. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» – демекші, ұлттық аспабымызды барынша бағалау керектігіміз туралы айтты.⠀Сөз соңында, елдің тыныштығының аса маңызды екендігіне тоқталып: «Ел – біздікі, Отан – біздікі» екенін ұмытпай, осы бағытта қызмет етуге тиіспіз деді.