Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар басталды: Жедел штаб мәлімдеме жасады

0
374

Бүгін, 6 сәуірде Алматы қаласының Түрксіб ауданының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді, осыған байланысты мегаполистің аталған бөлігінде шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу Спасская көшесінде орналасқан № 67 үйде 6:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Оның міндеттері терроризм актісінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған. «Жаттығу кезінде шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты азаматтарды өтіп жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», — деп атап өтті штаб. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады.