“Д.А.Қонаев” мешіті 40 отбасына қайырымдылық жасады

0
360

ҚМДБ филиалы “Д.А.Қонаев” мешіті және зекет қоры ұйымдастыруымен “Рамазан айы қоржыны” атты шара аясында қаламыздағы жетім-жесір 40 отбасына арналған ұн 5 кг, күріш 5 кг, қант 2 кг, тұз 4 кг, кеспе 5 кг, май 2 л, кәмпит-тәтті азық-түлік Д.Жомарт және Д. Абдезов тарапынан үйді-үйіне тарқатып берілуде. Сонымен бірге мешітіміздің жастар секторының жетекшісі тарапынан “Рамазан тәттісі” атты шара аясында 18 жағдайсыз жетім балаларға тәтті силығы берілді. Сонымен қатар мешітімізде күндік Рамазан ауызашар себеті 200 адамға дайындалып жатыр.
“Жетім көрсең жебей жүр” деп атам Қазақ айтқандай бір үйдің 7 жетім балаларына арнайы азық-түлік тәтті тағам Рамазан силығы берілді.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспассөз қызметі