ШЫМКЕНТ: 11500 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
333

Бүгін, қасиетті Рамазан айының он бірінші күні Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың атынан шаһар бас имам орынбасыр Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаевтар қатысып, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінің қорытынды шарасын өткізді.

Жалпы, қасиетті Рамазан айының алғашқы он күндігінде көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 11500 отбасыға қайырымдылық көмектер үлестірілді.

Қайырымдылық шараларымызға қолдау білдірген барша кәсіпкер азаматтарға Алланың нұры жаусын, кәсіптеріне береке берсін!