Олимпиадалық резерв мектебінде «Ақниет» қоғамдық қорының өкілі дәріс оқыды

0
53

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында Шымкент қаласындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» кеңсесінің меңгерушісі Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылар құрамына «Деструктивті діни ағымдардың қоғамға келтірген зардаптары» атты семинар өткізді.

Сөз соңында мына бір әңгімені айтып бітірсем. Бірде шайтан бір мұсылманды көріп, жылап отырғанын байқайды. Қараса намазым қабыл болды ма екен, қателігім, күналарым көп деп жылап отыр екен. Осыдан соң шайтан, ол намазға тұрғанда сенің намазың ең жақсы орындалғаны, жаныңдағылардың намазы дұрыс емес деп азғырады. Осылайша, әлгі намазхан намаз оқып болған соң, менің намазым дұрыс оның намазы бұрыс деген пікірде болады. Бұны көрген шайтан қуанбағанда не істесін. Себебі, әлгі намазханда тәкаппарлық және намазым дұрыс, міндетті түрде қабыл болады деген пікір қалыптасты. Дегенмен оның намазы керісінше тәкаппарлығының арқасында қабыл болмауы да мүмкін еді. Себебі, тәкаппарлығы үшін Ібіліс қарғысқа ұшырап, қуылған шайтан аталған болатын.«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.