ОҚУШЫЛАРМЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

0
361

Департамент бастамасымен Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінің оқушыларымен адалдық сағаты өтті.Іс-шара барысында оқушыларға адалдық, әділдік, парасаттылық, ар-намыс секілді адами қасиеттер түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы жастардың рөлі талқыланып, еліміздің болашағы жастардың бойында білімімен бірге тәрбиесі мықты болуы қажет екендігі айтылды.Кездесуде ақын-жазушылардың, белгілі тұлғалардың шығармашылығы мен өмір жолынан мысалдар келтіріліп, кез-келген жағдайда шындықты қолдау қажеттігі жеткізілді.Шара барысында оқушылар адалдықты, парасаттылықты қалай түсінетінін, оны қалыптастыру жөніндегі ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, өскелең ұрпақ ойында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.