Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау – басты міндет

0
482

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында облыстық этно-конфессия өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Қазақстанның этно-конфессияаралық келісім моделі» тақырыбында конференциясы өтті.

Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шарада басқарма басшысы Қ.Жанұзақов этносаралық және конфессияаралық қатынастың маңызды екенін атап өтіп, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш жиынға философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұр-Сұлтан қаласының Н.Назарбаев орталығынан З.Малғараева және Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің PHD докторы, РАТТ мүшесі Б.Ботақараев арнайы келіп, «Зайырлылық және Этно-конфессияаралық келісім мен тұрақтылық қоғам дамуының негізі» тақырыбындағы баяндамаларын жасады.

Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Оразбахов кездесуге келген жастарға Сыр өңірінің полиэтникалы халықының қалыптасу тарихынан мағлұмат ұсынды.

Конференцияда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, қатысушылар бүгінгі іс-шарада еліміздің этно-конфессияаралық келісімі мен қазақстандық моделін қалыптастыру жолында жетістіктер күтіп тұрғанына сенім білдірді.