Ислам дінінде білім алудың артықшылығы

0
4546

Ислам діні — бейбітшіліктің бастауы, ауызбіршіліктің,ғылым мен білімнің діні. Себебі, ислам діні адамзат баласын рухани тәрбиелей отырып, жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару сынды қағидалардан құралған. Жалпы әлемде экстремистік және террористік актілер тіркеле қалса, жұртшылықтың назары тек ислам дінін қаралауға, даттауға асығып тұрады. Мұндай түсінік асығыс шешім, білімсіздік болып табылады. Қазіргі уақытта ислам әлемі кейбір діни көрсоқырлықтың салдарынан бір емес бірнеше  проблемаларға тап болуда. Осы проблемалардың туындауына көптеген факторларды мысалкелтіруге болады. Соның бірі білімсіздік мәселесі. Дініміз білім-ғылымның маңыздылығы жайлы көптеген мәліметтермен қамтылған. Бұл сөзіміздіқуаттай келе қасиетті Құран-Кәрімнің ең алғашқы аяты «Оқы» деп түскен, «Жаратқан раббыңның атымен оқы!» (Алақ сүресі, 1-аят), сонымен бірге мына аяттарда «Раббым білімімді арттыр!» (Таһа сүресі, 114-аят), «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зумәр сүресі, 9-аят),-деп білім алудың маңыздылығы келтірілген. Міне осы іспетті білім алудың артықшылығы жайында көптеген аяттарды келтіруге болады. Келесі бір аятта «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен бойларыңа білім дарытқандардың  дәрежесін көтереді» (Мужәдәлә сүресі, 11-аят) делінген. Яғни мұнда білім алушылардың, ғылым ізденушілердің дәрежесінің жоғары екендігін көрсетіп тұр. Бұдан байқағанымыз ғылымсыз дінжоқ, білімсіз дін ұстанушының пайдасынан қоғамға зияны көп екені анық. Бүгінгі күндемұсылмандардың жоғалтып алған ең үлкен байлығы ғылым десек қателеспеген боламыз.Қазіргі таңда ислам дінін надандыққа шығарып, дінді қаралап жатқандарды да кездестіреміз.  Бірақ ислам діні керісінше надандықтан өркениетке жетелейтін дін екендігіне тарих куә. Ислам тарихына үңілетін болсақ, есімдері алтын әріппен жазылатын көптеген ғалымдар мен ғұламалардың жетіліп шыққандығын көреміз. Олардың үлкен тұлға болып жетілуіне бірден бір себеп діннің қағидаттарын өз орнымен ұстанып, Алланың үкімдерін орын-орнына сай етіп орындаған. Қазіргі таңда маңызды деп саналған нәрсені, маңызды емескешығару сынды жәйіттерді кезіктіруге болады. Барлық мәселенің шешімі мен тетігі білім болып табылатынын ұмытпаған жөн. Ислам дінінің ардақты Пайғамбары(с.а.у), көшбасшысы:«Білім Қытайда болсада алыңдар»-деген ұлағатты сөздерінен-ақ білім үйренудің маңыздылығын ұғуға болады.Сондай-ақ, «Білім алу әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз» деп тайға таңба басқандай етіп, кейінгі ұрпаққа аманат, өсиет етіп кеткен. Егер әйел кісі көркем-мінезді болмайтын болса келер ұрпақтың беліне балта шауып аламыз. Сол себепті әрбір шаңырақта ер-әйел өнегелі ұрпақ тәрбиелеуі үшін сауатты да салмақты болуы керек.Себебі әйел адамның бала тәрбиесінде орны бөлек.Ата-бабаларымыз  ғылым мен білімнің маңыздылығы жайында мақал-мәтелдер, өлең шумақтар, қара сөздерарқылы халықтың сауаттылық деңгейін ашып, бағыт-бағдар беріп отырған. Дана халқымыз білім-ғылым жайлы:
«Ғылыммен жақын болсаң қолың жетер, залыммен жақын болсаң, басың кетер»,«Бақыт белгісі ғылым мен ақыл»,-деген дана сөздері бар.Осы секілді мақал-мәтелдерді,жыр-шумақтарды көптеп мысалға келтіруге болады. Адам қаншалықты ғылымды сүйіп ізденсе,өзінің соншалықты сауатсыз екендігін және жаратушының сондайшебер екендігіне көзін жеткізеді. Ғылымды Абай атамыз:
«Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа жол емес.
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі»,- дей келе ғылымның мәртебесін көрсеткен.Хәкім Абай өзінің он сегізінші қара сөзінде:«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген сөзі барлық уақытта өз маңызын жоймаған. Жүйрік ойлы, білімді адамдар қай уақытта да заманның, қоғамның дамуына әрқашанда өз үлесін қосуды мақсат етеді.Білімді жастар – еліміздіңмаңызды қозғаушы күші. Өз білімін елін дамытуға арнау аса игі іс екендігін ұмытпайық. Демек ғылым үйреніп, білім алып, болашағымызды жарқын жаққа жетелейік!

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы
Қуандық Гүлбану