«Ақниет» ҚҚ психологы «ЗК-169/5 мекемесі» РММ түзеу мекемесінде сотталған діндарларға арналған тренинг өткізді

0
643

Қызылорда облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің психолог-кеңесшісі Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «ЗК-169/5 мекемесі» РММ түзеу мекемесінде сотталған діндарларға «Бәрі отбасынан басталады» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.Психологиялық тренинг барысында отбасының анықтамасы тұжырымдалып, оның функциялары талданды. Әлеуметтік институт ретіндегі адам өміріндегі маңыздылығы айқындалды. Отбасының шағын мемлекет ретіндегі сипаты берілді. Отбасылық психотерапия элементтері арқылы қатысушылардың отбасы туралы пікірлері ортаға салынып, көзқарастары тұжырымдалды.Отбасы дегеніміз не?ОТБАСЫ — бұл алыста болса да көмектесетін және қолдау көрсететін ең жақын және туыс адамдар. ОТБАСЫ — ең алғашқы әлеуметтену институты.ОТБАСЫ — үйлесімді тұлға қалыптасуға мүмкіндік беретін қоғамның ажырамас бөлігі Отбасы — бұл махаббат мектебі. Шынайы отбасылық өмірде махаббат жылдан жылға өседі, артады. Отбасы — өмірдің тұпнұсқа, шынайы мәнін табуға мүмкіндік беретін адам өміріндегі ең маңызды әлеуметтік институт. Отбасы бізге тірек, әртүрлі жағымсыз жағдайларда қорғаныш пен сүйеу, ұрпақ жалғастыру және бала тәрбиелеу кеңістігі болуы тиіс. Отбасы шағын мемлекет.Отбасы шағын мемлекет ретінде тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері — «бөтен», туыстық байланыс жоқ адаммен жыныстық қатынас орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру. Ата-ана отбасында отбасылық қарым-қатынаста белгілі бір мінез-құлық моделі қалыптасады. Мінез-құлықтың бұл моделі белгілі бір позицияларға бағдарланады. Менің елесімдегі отбасы.«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.