БҚО: Сырым ауданына жаңа бас имам тағайындалды

0
170

Жақында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына жаңадан имам тағайындалды.

Аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы облыс бас имамы Самат Қанатқалиұлын арнайы қабылдап, діни ахуал жайы сөз болып, бірлесе еңбек етуге уәделесті. Бұдан кейін Самат Қанатқалиұлы Сырым аудандық орталық мешітінде жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығын оқып, Нұрәлім Қисметовты таныстырды. Білікті маманның білім деңгейін, тәжірибесін тілге тиек етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Ал бірнеше жыл бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің діни ахуалының дамуына үлес қосқан Қуанғали Тынымға алғыс білдірді. Қариялар батасын беріп, көпшілік игі тілектерін жаудырды.

Нұрәлім Біржанұлы 2018-2021 жылдың аралығында Нұр-Мүбәрәк университетінің түлегі, БҚО Жаңақала аудандық мешітіне наиб имам қызметінде болған. Содан кейін Бәйтерек ауданы Асан ауылдық мешітінде наиб имам қызметін абыройлы атқарды.