Ресей Иранның фильмдеріне “құда түсуде”

0
614

Жақын арада Иранның фильмдері, телехикаялары мен мультфильмдері Ресей телеарналары мен кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Бұл туралы РФ-дегі Иран елшілігі мәдени өкілдігінің басшысы Масуд Ахмадванд мәлімдеді.

“Соңғы жылдары Иранның киноматографы қарыштап дамуда. Әсіресе фильмдер, телехикаялар мен балаларға арналған анимациялар үздік сапада түсірілуде. Жақында біз оларды ресейлік көрерменге ұсынамыз”, – деді ол.

Дегенмен, елшілік өкілі нақты қандай тақырыптардағы фильмдер көрсетілетінін айтқан жоқ.

Әрине, Иран фильмдерінің сапасы туралы ештеңе айта алмаймыз. Алайда бұл “бастамалар” Батыс тарапынан салынған санкциялардың жемісі екені айтпаса да түсінікті.