Референдум бойынша келесі кездесу Абай ауданына қарасты Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернатында жалғасты. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшесі Б.Бекжанов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Д.Исабеков және М.Жолдыхожаев спорт мектебінің мұғалімдері мен спортшыларына референдумның маңызы мен тәртібі туралы ақпарат ұсындық.

Алдағы референдум нәтижесінде Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейте отырып, сайлау жүйесін реформалау, жаңа саяси партиялардың құрылуы күтілуде. Сондықтан әрбір азаматтың ұсынысы, қолдауы және белсене атсалысуы референдумның іске асуына ықпал етпек.

Атаулы оқу орны 1995 жылдан бастап түрлі спорт бағытында жас жеткіншектерді тәрбиелеп келеді. 2001 жылы мектеп-интернатқа Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың есімі берілген. Бүгінгі таңда білім мекемесінде 180 оқытушы жұмыс істейді. 330 дан астам оқушы спорттың 10 түрі бойынша шеберлігін шыңдап, білім алуда.

#ReferendumAmanat

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *