«DARHAN DALA» ӨКІЛДЕРІ ТҮРКІСТАНҒА ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ

0
515

Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» отандық туризмнің өкілдерінің екі күндік кеңейтілген семинары ұйымдастырылды. Әуелгі күні Шымкент орталық мешітінде арнайы семинар дәрістер ұйымдастырылып, екінші күні Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы киелі орындарға зиярат  жасалды. Арнайы ұйымдастырылған зияратқа ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, «Tawaf Travel» қажылық компаниясы мен «Darhan Dala Travel» отандық туризмнің бөлімінің директоры Бектемір Искаков қатысып, іс тәжірибе негізінде зиярат етудің  нағыз шариғи үлгісін көрсетті.  Айта кетсек, зиярат ету барысында Отарар ауданындағы «Отырар» қалажұртына, «Арыстан баб» кесенесіне және Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне т.б. киелі орындарға зиярат жасалды. Еліміздің барлық өңірлерінен келген жауапты өкілдер екі күндік кеңейтілген семинардан өздеріне мол тәжірибе жинады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі