ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА КЕЛТІРЕТІН ЗИЯНЫ

0
614

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айнабек Ерболат Лесбекұлы және Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары қатысты. «Дестуктивті діни ағымдардың қоғамға келтіретін зияны» осы аталған тақырып бойынша түсіндерме жұмыстарын жүргізіліп, спортшылар тарапынан сұрақтар қойылып толыққанды жауап алды.