Дін саласы мамандарының дала семинары

0
488

11 маусымда Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы асында дін саласының қызметкерлері арасында «Топ құру дағдылары және командалық рух» атты тимбилдинг өтті.

 «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының және Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығының» қызметкерлері қатысты.

Тимбилдингтің мақсаты – командалық топ құра білу, бір-бірлерін тыңдай білу, ұйымдастырушылық қызметі, командалық рух, жедел әрі батыл шешімдер қабылдай алу және т.с.с.

 Қызметкерлер тобынан табысты команда құру процесі, тиімді басқарудың негізі, ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру және дамытудан басталады. Топтық жұмыс дағдыларына жалпы мақсатты жеке мақсатпен үйлестіру және жалпы жұмыс нәтижесі үшін жеке жауапкершілікті сезіну болып табылады.

Ұжымдық рухты дамыту әріптестер арасындағы келісім мен өзара сенімділік сезімдерін арттыруға бағытталды. Сондай-ақ топ мүшелерін бірлесе жұмыс істеуге ынталандыруға, басқарудың бейресми беделін арттыруға және қызметкерлердің өзара адалдығын нығайтуға арналды.

Сонымен бірге команданы құру құрамды таңдау және оңтайландыру, сондай-ақ қызметкерлер арасында әртүрлі рөлдерді функционалды бөлу бойынша іс-шаралар қамтылды.

Шара соңында қызметкерлер семинар бойынша өз ілтипаттарын жеткізіп, алдағы уақытта әртүрлі бағыттарда дала семинары, теңіз жағалауындағы ашық аспан және т.с.с. тимбилдингтер көптеп өтуін сұрады.