Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты тапсырмалар берген еді

0
585

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты тапсырмалар берген еді. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын алға тартып, олардың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасау керегін нақтылады. Сондықтан Балалар жылы аясында «AMANAT» партиясы көптеген ауқымды шаралар өткізіп, жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында 5 жылда 314 көп қабатты үйдің ауласын абаттандыру көзделген. 2021 жылы 177 ауланы абаттандыру жоспарланып, 212 көп қабатты үйдің ауласында балалар ойын алаңдары және ашық жаттығу жабдықтары орнатылды. Ал ағымдағы жылы 1 спорт кешені, 137 балалар ойын алаңдары, аудандарда 30 спорт секциясы пайдалануға беріліп, тұрғындардың жайлы өмір сүруі мен балалардың уақытын тиімді өткізуге жағдай жасалды.

Бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты Байтұрсынов көшесі №88 үй ауласының жаңа балалар ойын алаңшасын тұрғындардың игілігіне тапсырдық. Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың елеулі міндеті. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Сондықтан партия тарапынан тек Балалар жылы аясында ғана емес, үнемі жас буынның сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне жағдай жасайтын боламыз.