«Жусан» операциясымен елге оралған отбасыларға ет үлестірілді

0
512

ҚМДБ-ның  республикалық «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық шарасы аясында Шымкент қаласына «Жусан» операциясы арқылы келген отбасыларға Құрбан айт күндері қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, наиб имам Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков және «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев және еріктілер қатысты. Шара барысында Шымкент қалалық дін істері басқармасының ұсынысымен «Жусан» операциясы арқылы елге оралған отбасыға қасиетті Құрбан айт күндері ет өнімдері үлестірілді. Айта кетсек,  қасиетті Құрбан айт күндері көп балалы, мүмкіндігі шектеулі  2799 отбасыға ет өнімдері үлестірілді. 

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі