“Базз Лайтер” мультфильмі шынымен біржынысты қатынасты насихаттай ма?

0
609

Өткенде Мәдениет және спорт министрі (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Министерство культуры и спорта РК) Дәурен Абаев (Даурен Абаев) «Баз Лайтер» мультфильмінің кинотеатрларда көрсетілмейтінін мәлімдегенінде, артынша әлеуметтік желі шулап қоя берді. Мультфильмнің кері қайтарылуын, ал министрдің отставкаға кетуін талап еткен петиция ұйымдастырылып, қарқынды түрде ол петицияны жұрт болып жұмылып, қолдауға кірісіп кетті.

Бұлардың сапына осы күні бейтарап пікірде жүргендердің өзі қосылып, тіпті, бір қынжылтатыны, «цензураға жол жоқ» деген «әдемі» ұранға ілесіп, сіз бен біз танитын көптеген журналист, қоғам белсендісі және әнші-бишілердің өзі жоғарыдағылардың қатарына өтіп кетті. Бұлардың көбі министрдің бұл шешіміне діни ықпалдың болғанын жазып, діни астар іздеуге тырысты.

Ал, министрліктің мультфильмге қатысты шешімін қолдаушылар, өкінішке қарай өте санаулы-ақ болды, тіпті жоқтың қасы деуге де болады. КӨБІ «ҰЙҚЫМ КЕЛМЕЙДІ» ДЕП ҰЙЫҚТАП ЖАТТЫ! Соған қарағанда бұл халықты ұрпақтың келешегі не мазаламайды, не бұл қазақ қазақ тілінен басқа проблема көрмейді, не ЛГБТ ұйымының күшіне өте немқұрайлы және салғырт қарап отыр.

Жалпы, кинотеатрларымызда «Базз Лайтер» мультфильміне дейін де талай біржыныстыларды насихаттаған көрінісі бар талай фильм мен мультфильм көрсетіліп келген еді. Тіпті, еліміздегі ересектердің де, балалардың да телеарналарынан ЛГБТ-ны насихаттаған көріністер мен символикаларды да жиі кездестіруге болады. «Онда неге Базз Лайтерге келгенде қадалып қалдыңдар?» деген осы жерде заңды сұрақ туады.

Осыған дейін де айтқан едік, енді Голливуд және Оскар жүлдесінің маңызды фестивальдері фильмдегі кейіпкерлердің және фильм түсірушілердің құрамында ЛГБТ өкілдері болмаған өнімдерді қара тізімге алмақшы. Мәселен, Оскар 2024 жылы ЛГБТ шартын қоймақшы. Яғни, Оскардың алдыңғы жылы мәлімдеген талаптары бойынша, «Үздік фильм» номинациясын алу үшін фильмнің басты рөлдегі немесе екінші пландағы актері азшылықты құраған нәсілдік немесе этникалық топқа жатуы тиіс, қосымша рөлдегілердің кемінде 30 пайызы ЛГБТ өкілдері болуы тиіс, сондай-ақ, фильм түсіруші топтың да арасында ЛГБТ өкілдері болуы керек деген шарт қойылды. Бұл шарттар орындалмаған жағдайда фильм Оскар жүлдесінен үмітін үзе берсін деген сөз. Әлемнің 190 мемлекетінде қызмет көрсететін, 2018 жылдың өзінде-ақ фильм өндірісі үшін 8 миллиард доллар жұмсаған Netflix де дәл осы шартты заңдық тұрғыда бекітпесе де, өнімдеріне ЛГБТ-ны насихаттау және заңдастыру шартын қоюда. Сол себепті де барлық фильмдерінде ЛГБТ қауымдастығы насихатталады.

Ал, «Базз Лайтер» болса, осы ережелердің негізінде түсірілген алғашқы өнімдердің бірі. Артында сионистік және массондық жаһандық күштер тұрған ЛГБТ ұйымының осындай науқаны басталып жатқанында, халық болып наразылық танытып, нәтижесінде мультфильмнің кинотеатрлардағы көрсетіліміне тыйым салуымыз СИМВОЛИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ ЖЕҢІСІМІЗ десек те болады! Әлбетте, олар да діттеген мақсаттарына жете алмағандықтан, барлық өздерінің қолшоқпарларын пайдаланып, шабуылға көшті. Десек те, енді халық болып бұған қалай да тосқауыл болып отыруымыз – сіз бен біздің міндетіміз.

Енді, «Базз Лайтер» мультфильміндегі 3 секундық бір жыныстылардың (әйелдер) сүйісінде тұрған не бар?» дейтіндер де жүр. Мультфильмді көріп шықтым. Бұл жерде үш секундық көрініс деуге келмейді. Мультфильмнің идеясының түгелге дерлігі ЛГБТ ұйымының пропагандасы.

Қысқаша айтып кететін болсам, ғарыш рейнджерлері Базз Лайтер мен серіктесі болған әйел Алиша қаншама халық мінген корабльмен зерттелмеген бір ғаламшарда қалып қояды. Бұған да Алишаның жасырын ертіп шыққан іске келгенде қабілетсіз, ал еркекті назарымен «сындыруға» келгенде шебер гей бір еркек себеп болады. Бірақ, Базз Лайтер болған жағдайға өз-өзін кінәлап, халықты қалай да әлгі ғаламшардан алып шықпақшы болады.

Осы орайда әртүрлі жанармай ойлап тауып, соны ұшақпен ғаламшардан ұшып шығу арқылы сынаумен болады. Әр ұшқанда жанармайлардың да түсі әртүрлі болады, бірінші ұшқанда – қызыл, екінші ұшқанда – жасыл, үшінші ұшқанда – көк, төртінші ұшқанда – сары. Бірақ ешбіреуінен де нәтиже шықпайды. Әр ұшып келгенінде арадан 4-5 жылға жуық уақыт өтіп кетеді.

Міне, осы ұшулардың арасында серіктесі Алишаның біржыныстымен өрбіп жатқан өмірі көрсетіледі. Базз Лайтер бірінші ұшып келгенінде Алиша бір әйелмен жүзік тағысып некелесіп қойған екен, тағы бір ұшқанында Алишаның аяғы ауыр екен, енді бір ұшып келгенінде екеуі балалы болып отырады, тағы бір ғарышқа ұшып қайтқанында бұл біржыныстылардың балалары оқу бітіріп жатады, тағы бір ұшқанында Алиша мен «әйелінің» (әлде «еркегінің» бе, біле алмадық) отасқанына 40 жыл болып, соны тойлап жатады.

Міне, бұл көріністердің бәрін көрген баламыз не ойлайды? «Біржыныстылардың некесі норма екен ғой, жиналып алып кинотеатрдан тамашалап отырғанымызға қарағанда, қоғам бөтен қабылдамайды екен ғой» деген ой міндетті түрде туады және бұл ой оған бейсаналы тұрғыда сіңе бастайды. Балаларымыз бұны бөтен қылық деп те ойламайтын болады. Міне, бірнеше жылдан кейін осы мультфильмді көріп өскен балаларымыздың өзі біржыныстырлардың некесін заңдастырып, солардың шашпауын көтеріп шыға келетін болады. Сізге осындай ұрпақ керек болса, онда әлі де ұйықтай беріңіз!

Енді, мультфильмге қайта оралсақ, содан Базз Лайтер тағы бір ұшып келгенінде Алиша қартайып, дүниеден озып кеткен екен. Базз Лайтер әлі де кінәсін өтеу үшін бұл жолы Алишаның сыйлап кеткен робот мысығының ұсынысымен төрт түрлі түсті жанармайдың барлығын араластырып бір сынауды көреді. Араластырып кеп жіберіп еді, ЛГБТ-ның туы болған, сонымен ассоциация болатын кемпірқосақ түстес бір жанармай шыға келеді. Міне, осы жанармай кристалы ғана жарамды боп шығады. Халықты да осы жанармай құтқаратындай болады. Мультфильмді осы жерден қайырайық. Әр жағы маңызды емес. Ең бастысы, түсінгендеріңіздей, негізгі кульминациясының шешімі «кемпірқосақ түсті» жанармайда екен-міс әрі идеясы да біржынысты некені норма етіп көрсету.

Өздеріңіз көргендей, бұл мультфильм 3 секундтық сүйісу мәселесі ғана емес, негізінен бұл 3 секундтың өзі наразылық танытуға, қарсы шығуға жетіп артылады. Бірақ, бұл жерде толып тұрған біржынысты некенің заңдастырылуына әкелетін идеология жатыр. Сондықтан да, бұған жұртты немқұрайлық танытып, салғырт қарамауға шақырамын! Қарсылық танытайық! Наразылық көрсетейік! Азғындыққа жол бермейік! Барынша бөлісейік!

Салтан Сайранұлының фейсбук парақшасынан алынды