Қауіпті иірімнен сақ болайық!

0
682

Ислам дінінің қазақ даласында қанат жайғанына бірнеше ғасыр болғанына қарамастан, ұлт құндылықтарын таптап, «таза дін» дегенді жалау еткен радикалды ағымдар қаскөйлік әрекеттері мен уағыздары арқылы ел бірлігіне іріткі салығысы келеді. Оларға бірден-бір тосқауыл — қазақ мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін насихаттау, ата-бабалар ұстанған дін мен дәстүр сабақтастығын жалғастыру.