Діни іс-шараларды өткізу жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енгізілмек

0
450

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ашық НҚА сайтында «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады.

Жобада аталған бұйрыққа төмендегідей өзгерістер енгізу қарастырылған:

3-тармақта: “Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;»;

10-тармақта: «Стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау кезінде келесі жағдайларға:

1) өтініш берушінің «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 тіркелген) бекітілген «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес ұсынған құжаттарына;

2) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;

3) үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;

4) осы Нұсқаулықтың 5, 6 және 7-тармақтарын ескере отырып, стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аударылады.».

Талқылау үшін жарияланған бұйрық жобасымен мына жерден таныса аласыздар.