РАНТ діни ағарту бағытындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті

0
115

ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, «Зекет және қайырымдылық» қорының Исламдық қаржы мәселелері жөніндегі сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Атырау облысына жұмыс сапары барысында жергілікті имамдармен кездесті. Кездесу аясында спикер РАНТ-ның міндеті туралы және діни ағарту бағытындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Республикалық ақпараттық насихат тобының міндеті – халыққа ислам діні туралы дұрыс ақпарат беру және қоғамды рухани тұрғыда тәрбиелеу. Әр насихатты ауқымды көлемде жеткізу үшін жан-жақты дайындық, әркез ізденіс керек» дейді Мақсатбек Қайырғалиев. Кездесу барысында РАНТ мүшесі имамдар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ Мақсатбек Қайырғалиев сапар аясында орталық «Иманғали» мешітінің «Amin.kz» студиясында сұхбат берді. «Қаржы пирамидасының діни үкімі», «Мұсылман өз қаржысын қалай басқаруы керек?» деген тақырыптарда сұхбат берген Мақсатбек Қайырғалиев жұртшылықты қаржыны адал жолмен табуға, еңбек етуге, жаңа кәсіп түрлерін меңгеруге шақырды.