ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ ТУРАЛЫ

0
701

2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының елордасында «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлі» атты әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің VII отырысы өтеді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің даму кезеңдері

2003 жылғы 13 ақпанда діндер, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыруда маңызды рөл атқарған Халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясында Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу бастамасы көтерілді.

Әлемнің жетекші мемлекет басшыларының, ірі халықаралық ұйымдар жетекшілерінің Съез ашылуына құттықтаулар жіберуі Қазақстанның жаңа бастамасының әлемге танылуының, сенім мен табыстың дәлелі болды.

2003 жылдың қыркүйегінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І Съезі алғаш рет бүкіл діни әлем өкілдерін бір үстел басына жинаған бірегей оқиға болды.

Бірінші Съездің маңыздылығы оның концептуалды идеясында жатыр – діндер диалогы – дауларды шешудің және терроризмге қарсы тұрудың тиімді құралы болып табылды. Бірінші конгресстің мақсаты тұрақты халықаралық институт құру және діни диалог пен келісілген шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету үшін әлемде ортақ бағдар табу болды.

І Съез діни лидерлер болашақтағы үйлесімді әлемнің негізі ретінде қоғамдардағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер туралы мәлімдеме жасаған декларацияны қабылдаумен аяқталды. Сонымен қатар, дінаралық форумды тұрақты негізде – үш жылда бір рет өткізу және халықаралық және конфессияаралық диалогтың тұрақты органы – Съез Хатшылығын құру туралы шешім қабылданды. Осылайша, Съез жүйелі мәселелерді шешуге арналған диалог алаңына айналды.

2006 жылдың қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезінің жұмысы «Діни сенім бостандығы және басқа діндерді ұстанушыларға құрмет» және «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы дін көшбасшылардың рөлі» тақырыбында, екі бағытта жүргізіліп, осы шараға арнайы салынған жаңа ғимаратта – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Съездің алғашқы күнінде қатысушылар өз жұмысында басшылыққа алған, негізгі құрамдас бөліктерден тұратын «Дінаралық диалогтың қағидаттары» құжаты қабылданды. Сонымен қатар, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жаһандық тәртіпті орнатудағы рөлі мен миссиясын күшейтуге бағытталған қазіргі әлемдегі діннің рөлін мойындайтын қорытынды құжат қабылданды.

ІІ Съезге қатысушылар барлық конфессиялар мен этностардың өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтарға негізделген қақтығыстардың алдын алуға шақыратын бірлескен декларация қабылдады.

2009 жылы шілдеде «Толеранттылық, өзара құрмет пен ынтымақтастық әлемін құрудағы діни көшбасшылардың рөлі» тақырыбымен өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезінде Конгрестің форматына айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Съез жұмысында секциялық сессиялардың болуы Конгресстің инновациялық жаңалығы болды.

Шара соңында дүниежүзілік қоғамдастықты діни көшбасшылар мен ұйымдардың жемісті дінаралық диалогты орнату жөніндегі күш-жігерін үнемі қолдап, ілгерілетуге, діндер мен өркениеттер диалогын сақтауға көмектесуге шақыратын бірлескен қорытынды құжат қабылданды.

Съез жұмысының нәтижесінде мәдениеттер диалогы мен экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған басқа халықаралық ұйымдармен диалог пен әріптестікті қамтамасыз ету үшін Дін көшбасшылары кеңесін құру туралы ұсыныс жасалды.

Өз кезегінде, 2012 жылдың мамыр айында «Бейбітшілік пен келісім – адамзат таңдауы» атты Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезі өтіп, онда дін көшбасшыларының адамзат қауіпсіздігін нығайтудағы, диалог пен өзара түсіністікті жақсартудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

IV Съездің маңызды бастамаларының бірі G-Global бірыңғай электронды порталы аясында жаһандық төзімділік пен сенімді қалыптастыру мен нығайтуға арналған интернет-ресурс құру болды.

2015 жылғы маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері V Съезінің тақырыбы «Діни көшбасшылар мен саясаткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» болды.

V Съезге қатысушылар қабылдаған декларация қағидаттарының бірі әскери қақтығыстар тараптарын қақтығыстарды тоқтатуға, келіссөздер арқылы зорлық-зомбылықты тоқтату және бейбіт тұрғындарды қорғау туралы келісімдерді әзірлеуге шақыруға негізделді.

2018 жылдың қазан айында VI Съезге қатысушылар «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем үшін» басты тақырыбына бірауыздан келісетіндерін білдіріп, мәдениеттер мен өркениеттердің жақындасу мәселелерін талқылап, жаһандық қауіпсіздік пен экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шаралары туралы пікір білдірді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI Съезі жұмысының қорытындылары өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығу қажеттігін көрсетті. Съезге қатысушылардың Декларациясында барлық рухани көшбасшылар әлем қауымдастығына, халықтарына, мемлекеттеріне бейбітшілік пен қауіпсіздікке шақыратын үндеу қажет екендігі атап өтілді.

Айтылған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін VI Съез делегаттары Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығын құру туралы ұсынысты алға тартты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары:

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылымдарынан жалпыадамзаттық бағдарларды іздеу;
  • Діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдерді қабылдау үшін халықаралық конфессияаралық институттың ұдайы жұмыс істеуі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі басымдықтары:

  • Бейбітшілікті, келісім және төзімділікті адам өмір сүруінің қайтпас қағидаттары ретінде бекіту;
  • Діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу;
  • Адамдардың діни сезімдерін қақтығыстар мен әскери әрекеттерді өршіту мақсатында пайдалануға қарсы тұру.

Съездің міндеттері:

  • Дінаралық және конфессияаралық дәстүрлерді дінаралық съездер түрінде нығайту;
  • Келешек съездердің келісілген, жан-жақты және құзіретті идеологиясы мен тұжырымдамасын дайындау үшін съездің ұдайы қызмет ететін органын құру;
  • Діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілетуді бағытталған барлық халықаралық ұйымдар мен құрылымдармен ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік ету;
  • Зайырлы және бақ өкілдерін, жастардың бірлестіктерін, ғылыми және шығармашылық интеллигенция тарту арқылы әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің диалогын кеңейту;
  • Діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты тереңдету мен бекіту;
  • Өшпенділік пен экстремизмге қарсы толеранттылық пен өзарасыйластық мәдениетін дамыту;
  • Діндерді қарсы қоюда және теалогиялық пікір-таластарды әрі қарай саясаттандыруда, сондай ақ бір дін тарапынан екінші діннің беделін түсіруге талпыныста көрініс табатын «өркениеттер қақтығысы» тезисінің басым болуына жол бермеу;
  • Өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық диалогты ілгерілету.

Съез хронологиясы:

I Съез – 2003 жылғы 23-24 қыркүйек. Съезд жұмысына Еуропа, Азия, Африка және Таяу Шығыстың 13 елінен дінбасылар мен құрметті қонақтары қатысты.

II Съез – 2006 жылғы 12-13 қыркүйек. Съез арнайы салынған жаңа ғимарат – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Съез жұмысына 29 делегация – әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдері мен Еуропа, Америка, Азия және Африканың 20 елінен құрметті қонақтары қатысты.

Негізгі тақырып – «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік».

III Съезд – 2009 жылғы 1-2 шілде. Съезге қатысушылар – әлемнің барлық негізгі діндерін таныстырған 35 елден 77 делегация.

Басты тақырып – «Діни лидерлердің төзімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген бейбітшілікті құрудағы ролі».

IV Съез – 2012 жылғы 30-31 мамыр. Қатысушылар – әлемнің 40 елінен барлық әлемдік және дәстүрлі діндерді, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері ретінде 85 делегация қатысты.

Негізгі тақырыбы: «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы ретінде».

V Съез – 2015 жылғы 10-11 маусым. Съез жұмысына 42 елден 80-нен астам делегация қатысты.

Басты тақырып – «Бейбітшілік пен даму мақсатындағы діни лидерлер мен саясаткерлер арасындағы диалог».

VI Съез – 2018 жылғы 10-11 қазан. Қатысушылар – барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың өкілдері, әлемнің 43 елінен 82-ден астам делегация қатысты.

Басты тақырып – «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».

Съез бастамалары:

II Съез бастамалары:

  • Съезге қарасты Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін Бейбітшілік пен келісім сарайында дәріс оқуға шақыру.
  • «Дінаралық диалог принциптері» құжатының қабылдануы.
  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезіне қатысушылардың Декларациясын қабылдау.

III Съез бастамалары:

  • Діни лидерлер кеңесін құру.
  • Съез Хатшылығының қамқорлығымен оның қызметі басқа беделді форумдармен және халықаралық ұйымдармен диалог пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Діни лидерлер кеңесінің тұжырымдамасын дайындау.
  • Дінаралық саммит нәтижесі бойынша қорытынды құжат – «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Үшінші съезіне қатысушылардың үндеуі» қабылданды.

IV Съез бастамалары:

  • G -GLOBAL — ҰЛЫ ӘЛЕМ ортақ электронды порталының бір бөлігі ретінде қоғам мен мемлекеттерге жаһандық төзімділік пен сенім принциптері мен құндылықтарын ілгерілету оның миссиясы болатын интернет -ресурсты құру.
  • Діни лидерлер кеңесінің 1 -ші отырысын, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Хатшылығын өткізу.
  • «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Төртінші съезіне қатысушыларының үндеуі» қорытынды құжатын қабылдау.

V Съез бастамалары:

  • Съездің марапаттарын тағайындау:

— Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы;

— Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Құрмет медалі.

  • Бейбітшілік пен келісім мұражайын құру.

VI Съез бастамалары:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен келісім жолындағы жаһандық өзара әрекеттесу үдерісіне қосқан айрықша үлесін тану үшін «Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығын» құру.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығы

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы — бұл әр отырыстың қызметін қамтамасыз ететін Съездің жұмыс органы.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші Съезіне қатысушылардың шешімі бойынша құрылған.

Съез Хатшылығының басшысы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. Хатшылық құрамына ислам, христиан (православие, католицизм, лютерандық), буддизм, иудаизм, индуизм, зороастризм, даосизм, синтоизмнен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өкілетті өкілдері кіреді.

Хатшылық мынадай жұмысты жүргізеді:

– Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесі мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін қамтамасыз етеді;

– Кеңестің бекітуіне Съездің ұсыныстары мен күн тәртібін әзірлейді;

– декларация, мәлімдеме мәтіндерінің және кеңес қабылдайтын өзге де қорытынды құжаттардың жобаларын дайындайды;

– шешім жобаларын немесе өзге құжаттарды Кеңес мүшелеріне таратуды қамтамасыз етеді;

– кеңестің тапсырмасы бойынша Хатшылықтың басшысы Съезді басқа дінаралық форумдармен және ұйымдармен қарым-қатынаста ұсынады.