Діни радикалдану – қауіпті құбылыс

0
498

9 тамыз күні Ақтау қалалық «Бекет Ата» мешітінің жамағаты арасында «Діни радикалдану – қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында РАТТ мүшесі Азамат Тулепов ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Шара барысында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ теріс ағымдардың зияны туралы ақпарат берілді. Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, кәпір, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары айтылды. Сонымен қатар мазхаб, ақида, мүжтәһид және діни ағымдардың діни сенімдерінің қателіктері жан-жақты талқыланып, түсіндіру және ағартушылық жұмыстары жүргізілді. Діни радикалдану  – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді.