Мектеп оқушысы мұсылмандардың қасиетті екі мерекесін ресми демалыс күні етіп бекіттіруге қол жеткізді

0
1086

Калифорния штатындағы мектеп оқушысы үй тапсырмасын тыңғылықты орындағаны үшін қасиетті Ораза айты мен Құрбан айт күндерін ресми түрде демалыс күндері етіп бекіттіруге қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы Al Araby ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сан-Францискодағы Раул Валленберг мектебінің оқушысы Сара Ушен петиция (талап) жариялап,жақтаушылары мен қолдаушыларының қолы қойылған құжатты мұғалімдерінің жөн сілтеуімен округтық органға жөнелткен екен. Нәтижесінде оқушы мұсылман қыздың бұл әрекеті аяқсыз қалмай, өзінің құрбы-құдастарына екі күн қосымша демалыс алып берді.

islam.kz