Қазақстандық жасөспірімдердің діни мазмұндағы компьютерлік ойындарды қолдану тәжірибесі

0
311

Компьютерлік ойындар елімізде белсенді дамып келе жатқан бейне индустрияның бірі. Қазақстанда компьютерлік ойындар 2000 жылдардан бастап жаппай жастар арасында кеңнен насихаттала бастады көбінде ойындар симуляторлық, шуттерлік, стратегиялық ойындар нарықта өтімді болды. Атқыштар  жанрында соның ішінде Contr straik ойыны компьютерлік клубтарда  рейтингі жоғары болды. Жастар осы ойынмен командаға бөлісіп террорист және спецназ болып  2 тарап бойынша соғыс алаңын көрсетеді.

Ашық дереккөздерге қарағанда Newzoo аналитикалық компаниясы өзінің ресми сайтында 2018 жылы компьютерлік ойындарды сатудан түскен табыс бойынша елдердің рейтингін жариялады. Қазақстан рейтингтің 44-ші қатарында  болды. Қазақстандық ойыншылар 207 миллион долларға интернет онлайн ойындарды  сатып алған. Ең белсенді ойын сатып алушылар бес елдің қатарына Қытай (34,4 миллиард доллар), АҚШ (31,5 миллиард), Жапония (17,5 миллиард доллар), Оңтүстік Корея (5,7 миллиард доллар) және Германия (4,9 миллиард доллар) кірді.  Ресей ТМД елдері арасында рейтингте ең жоғары – 11 орын (165,7 млн ​​доллар) қатарында. Global Games Market Report мәліметтері бойынша 2020 жылы   5 миллионнан астам қазақстандық компьютерлік ойындарды ойнайды соның ішінде жасөспірімдер 70 % пайызын құрайды.

Қазақстанда компьютерлік ойындардың сапалы дамыған түрі киберспорт яғни компьютерлік бейне ойындардың спорттық нұсқсасы. Қазақстанда халықтың айтарлықтай бөлігі, яғни 3,5 миллион адам киберспорт ойындарға қызығушылық танытатынын айтты 62,1 пайызы — ерлер, 37,9 пайызы – әйелдер құраған. Бұл тізімге тек киберспорт жарыстарын көретіндер ғана емес, сонымен қатар тұрақты түрде компьютер немесе консоль ойындарын ойнайтындар да есепке алынған. Болжамдарға келетін болсақ Киберспорт федерациясының PR-директоры Батырхан Тоғайбаев айтуынша  алдағы бес жылда кемінде 5 миллион қазақстандық киберспорт пен онлайн ойындарға құмар болады деді. Киберспортпен айналысатын ойыншылардың жасерекшеліктрі 13 жас пен 30 жас аралғын құраған. Ұлттық турнирлер өтетін Қазақстандағы Pinger.Pro ойын платформасын пайдаланушылардың жалпы саны осы уақыт ішінде он есе өсті — 13,2 мыңнан 142,5 мыңға дейін. 2020 жылы платформаны пайдаланушылардың ай сайынғы өсімі 8 мың адамға жеткен. Компьютерлік ойын платформасында 2018 жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылды. Киберспорттың Киберспорт федерациясы Қазақстандағы ең танымал компьютерлік ойындардың тізімін жариялады: CS: GO, PUBG, Dota2, Apex Legends, FIFA 22, PES, Fortnite, Minecraft, Rainbow Six, Rocket League, League of Legends ойындары.

Қазақстан аумағында компьютерлік  клубтарында жиі қолданатын ойындар қатарында діни мазмұндағы өнімдер нарықта рейтингтік көрсеткіші едәуір жоғары болып отыр. Астана қаласы бойынша компьютерлік клубтардың  бағдарламасында  кездесетін   діни бейне ойындарды  13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар тұрақты түрде тұтынады. Геймплейлер  барлық  компьютерлік программалар үшін қолжетімді әрі сапасы мен сюжеттік моделдері сапалы болып келген деп айтуымызға болады.

Қазақстандық жасөспірімдердің қолданысындағы діни мазмұндағы компьютерлік ойындарға тереңдетілген  бейневизуалды дінтанулық,    контенттік талдау жасалынды.

Far cry 5 шытырман  ойыны Эдеммит деп аталатын аккульттік қозғалыс Америкада  мантана штатында болады. Қозғалыстың көсемі Джозеф Сеид (Жүсіп) деген атпен  пайғамбар ретінде көрсетіледі. Мантана штатында Хоуп округінде Эдем қақпасы деп аталатын штат құрады. Қозғалыс мүшелері мергиналды топқа негізделген. Көшбасшы Джозеф Сеид жаңа өсиетке байланыстырып   өзінің Джозеп атты кітабын шығарады. (The book of joseph). Кітаптың мазмұны  жаңа өсиет пен киелі кітап негізінде  өзіне аян берілген мәтіндер қамтылады. Өзін Иса мәсіхтен кейінгі пайғамбар ретінде құдайдан келген елші екенін ақырзаман таяу арада болатынын және құтылуға асығу керектігін мәтін бойынша хабарлайды. Ойын барысында Джозеф Сеид  артынан ерген топқа Әке деп атауын бұйырып  кітаптан үзінді келтіріп,  эдем қозғалысына күмәнмен қараған және қаралағандарды айқышқа керіп немесе суға аяусыз тұншықтырып қинап өлтіреді .Эдем деп аталатын шіркеуге мінәжат етіп ғибадат жасайды. Қозғалысқа қызығушылық танытқандарға әсерлі уағыз айтып (мен сендердің жандарыңды құтқарамын мәңгіге бізді жаңа әлем күтуде) деп шіркеуге жыйнайды. Сенушілер  шіркеуде хормен ән айтып Әкеміз Джозеф құтқарушы жанымызды  деп қайталап християн дәстүріндегі рәсімдерді негіз етіп алып эдем рәсімін орындайды. Көшбасшы Джозеф Сеид хоризмасы өте мықты тұлға ретінде көрсетіледі. Киелі кітапта баяндалған оқиға бойынша Иса өзінің 12  шәкірттеріне маңызды өсиет айту  сәтін осы ойын бойынша Джозеф Сеид сенушілерге өзіне жүктелген міндетті тарқатып айтады және әр бір сенушіге суық қару табыстау рәсімін орындайды. Қаруды табыстаған соң  біздің болашақ тағдырымыз үшін қарсы келушілерге азабты өлімді ұсынамыз деп айтады. Ойында негізігі қарсыластары мемлекеттік билік болды бұл ағымды құрықтау үшін мемлекеттік әскерлер жіберіліп отырды Хоуп округіндегі маршил полиция инспекторларына қысым көрсетеді. Ойын соңында әлемде ядролық жарылыс орын алып эдем штаты мен сенушілері  аман қалады.

Ойынды қолдану барысында сапалы оқиғаларды сюжеттеу көрсетілімдері агрессивті діни фанатистік әсіре діншілдікті, зорлық-зомбылыққа түрткі болатын әсер ету мәселелерін байқауымызға болады, ойында сюжеттері әсері ету эпизотымен және кейіпкерлердің харизмалық тұлға бейнесін көрсетумен ерекшеленді. Діни мәтіндерді мәнеріне келтіріп оқу көрсетіледі және симфония ойнатқышы сүйемелденеді. Ойын тапсырмаларын орындауда сектаға қарсы кейіпкер қозғалтқышта болады жау қолына түскенде агрессия көрсету тірідей қинап өлтіру эпизоды көрсетілуі, жасөспірімдерің діни түсінік қалыптастыруына кері әсер етеді. Қатыгездік оқиғалар жиі көрсетілуі бала психикасына ықпал жасау факторы ретінде қарастыруға болады. Бұл  ойын +18 асқан жастарға арналған болса да Астана қаласының ойын клубтарында жасөспірімдердің қолданысында болып отыр.

Outlast —  2  ойыны Канада да 2017 жылы  Red Barrels warner bros interactive entertainment  компаниясы әзірлеген шытырман оқиға желісі  бойынша өрбиді. Ойын сюжетінде тылсым дүниелермен байланыстыратын християндық рәсімдер көрсетіледі. Ойын жеткіншектердің дүниеге келуіне қарсылық танытатын постердің  идеасына негізделген. Ойындағы басты кейіпкер ретінде журналист Лорис  деп аталады. Ойын оқиғасы Канададағы   перзентханада болады. Пастерь деп аталатын  Лук паралелль басқа тіршілік әлеммен байланысқан сьюжетін көрсетеді өзінің тылсым күштерімен әйелдерге арналған есін ұмыттыратын қасиетті сусын әзірлеумен айналысады. Пастер Лорис құдайға сенімі бойынша шіркеуге келген  әйелдер өзінің қызметінде болу керектігін  және жыныстық қатынасқа түсу керектігін айтып  уағыз жасайды. Перзентханадағы дүниеге келген сәбилерді құдайға бағышталған құрбандық ретінде өлтіріп отырады, өлген мәйіттерге ағаштан жасалған айқыштарға  өрт тұтатып  жерлеу рәсімін өткізетеді. Зорлық  — зомбылық бойынша  зерттеуге келген журналист Ларис пен Пастерь арасында кекілжіңдер туындап бірін- біріне зұлымдық көрсетеді. Журналис Ларис пастер Лукке қарсы келіуіне байланысты оны құдайдың әміріне қарсы келуші деп айыптап от жалатылған айқышқа керіп қасиетті сөздерімен дұға жасап  өлтірмекші болады. Ойынды қозғалту рөлі журналист Ларис болады. Пастер Лук Ларистің ізіне түсіп отырады Ларис сол аймақтан қашып шығып өзін аман сақтау үшін түрлі кедергілерден өтеді.

Жалпы ойын мазмұны християндық рәсімдердің элементтермен байланыстырып ойдан туындаған фонтастикалар берілген деп айтуымызға болады. Ойында  сексуалды порнографиялар бейнеленген эпизоттар кездеседі. Ойынның психикалық зорлық-зомбылықты насихаттап көрсетуі жасөспірімдерге кері әсер етеді. Діни жаңа сенім қозғалысын Пастер әкей бейнесі  Пайғамбар роліне байланыстыру мен жаңа өсиет заңдарын қолдану пропогандалық идеяны меңзейді.  АҚШ пен еуропа елдерінде христиан қауымдастығында бұл ойынға наразылық туындатқан. Астана қаласының жеткіншектері қызығыушылық танытқан қолданыстағы ойынның бір түрі және қазіргі кезде бұл ойынның плейсттейшн клубтарында жоғары насихатталуда.

Silent Hill 2 – ойыны  2008 жылы  АҚШ, Еуропа, Жапония елдерінді жарық көрген шытырман оқиғаға  негізделген компьютерлік және плейстейшндік ойын түрі. Silent Hill  деп аталатын діни культтік қозғалыс ретінде танылады. Ойынның негізгі мазмұны қорқыныш пен үрей тудыратын құдайға баратын жолды көрету деп аталады. Ойындағы негізгі кейіпкер Алиса атты жасөспірім қыздың оқиғаларына негізделген. Анасының дүниеден өтуіне байланысты анасының жанын іздеумен айналысады тұманды қала деп аталатын жерде silent hill   қозғалысына қосылады. Оқиға бойынша діни култьттың мүшесі ретінде құдайға қауышу ретінде өлімге асығу туралы рәсімдер орындайды. Апокалиптикалық идеялармен өмірдің қызығынан бастарту туралы оқиғалар болады. Ойын барысында тылсым күштердің әсерінен сезіну роліне кіреді. Ойын қозғалтқышында Алиса рөлі болады ойнау барысында сектаға қосылмаған адамдарды келімсек ретінде қарсыластарының көзін жойып отырады. Періштелер келіп арнайы тапсырмалар беріп жәннатқа рахат әлемге баруға және Алисаның анасының бейнесі көрсетіледі. Құдайдан келген тапсырмалар ретінде сектаның мүшелерін көбейтіп тұман қала аймағын осы өмірден арғы  өмірге көшіру жоспарланады.

Ойынның жасөспірімдердің мінез-құлқымен дүниетанымына кері әсер ететін  эпизоттар мен сюжеттер  кеңнен насихатталады. Ойында өмірдің  мәнсіз екенін бұл өмірдің тауқыметке толы азабынан құтылу  баяндалады. Періштелердің бейнесі мен жұмақ пен тозақ көрсетілу эпизоды жеткіншектердің психикасына  кері әсер туындатып отыр. Ойындағы есхотолгиялық мәселелерге қиялдан туындаған діни сенімдермен пропаганда жасауы қорқыныш пен үрейлі әуендер қосылуы бір қарағанда қызықты сюжеттер болғанмен таным түсінікке кері ықпал жасаушы фактор деп қарастырамыз.

Assassins creed- ойыны  әзірлеуші Ubisoft компаниясы ұсынған Америкалық ойын жалпы бұл ойынды әлемнің 10 елінде әр түрлі жанрда шығарылған нұсқалары бар.2007 жылы алғашқы нұсқасы жарық көрді. Негізгі жанры симулияторлық экшен соғысу форматында жүреді.Ойын оқиғасы крест жорықтарына байланысы тарихи мазмұнда өрбиді.

Мұсылмандар мен Християндар арасындағы шапқыншылық оқиғаларымен басталады. Ирусалим мен Дамаск аймақтарында мұсылмандар мен християндар  жауласауы сюжеттеледі.Оқиғалар тарихи мәлметтермен ойдан шығарылған оқиғалармен кейіпкерлер бейнеленеді.

Ирандық мұсылмандардың ішіндегі  шиттік ағымға жататын исмаилиттер деп аталатын хашиммит тайпасы бойынша ойында ассасин деп аталады. Ассасиндер    еуропа елдеріне исламдық сауат шапқыншылығын ұйымдастырады. Ойында Еуропа елдерінің соның ішінде Рим Ватикан, Фларенция,  Англия аймағы   қамтылады.

Ойынның негізгі кейіпкерлері Салах ад –Дин, Әл –Муссалим  мұсылмандардың қолбасшылары ролінде ойнайды. Христиандарды жою барысында Әл- Муссалим жендеттер даярлап Крест қамалдарына жасырынып кіріп қазына тонау жауларын тұтқын ретінде алып кетіп отырады. Рим аймағындағы  соғыс нәтижелерінде Ассасиндер жеңіске жетеді. Жеңілген христиан әскерлерін аяусыз қырғынға ұшыратады. Ойынның қызықты сәттері ретінде тыңшылық әрекет  ету оқиғаларымен әсер қалдырады.

Ойында  мұсылмандар зұлым жау араб ретінде сюжеттеледі,Еуропа аймағына христиандарды аяусыз өлтіру жиелеп көрсетіледі. Мұсылмандар туралы кері түсінік қалыптастыратын идеялогиялық пропагандалық ойын деп қарастырамыз.

Ойынның мазмұнындағы Салах ад-Дин кейіпкері өмірдегі тұлғаға карикатура  жасап оны зұлым қан ішер ретінде және ағылшын қолбасшы Ричард пен Филипп Августың бейнелері тарихи оқиғалармен ұштастырып байланыстыру насихатталады. Ислам атын жамылған  Ассаин деп жамағат ретінде көрсету Араб әлемінде қазіргі кезде резонанс тудыруда. Сауд Арабиясында бұл ойынға реси түрде қолдануға тыйым салынған.

Ойын жалпы діндер арасындағы қақтығыстарды көрсетумен өшпенділікті туындату ойын барысында тарихи мәліметтерге шолу жасап мултикино ретінде әңгімелеу эпизодтары жасөспірімдердің бұрмаланған  тарихи таным түсінігін қалыптастыруға ықпал жасайды.

Ойын негізгі идеясы пропагандалық исламфобия туындату артефактлері ретінде көрсетілу деп баға беруге болады. Әлемдік компьютерлік ойын индустрияның негізгі бағыты идеологияға негіздейді және діни пропагандалдық өнімі ретінде ауқымды ойындардың бірі Ассасинс болып отыр. Астана қаласының 13 жас пен 20 жас аралығындағы жеткіншектері тұрақты түрде  тұтынады.

Қазақстандық жасөспірімдердің қолданысындағы діни мазмұндағы  ойындардың қолдану аясын нақты мәлімет көздері қарастырылмаған. Осы ойындарды негіз етіп  ресейдің ай сайынғы аталған ойындарға рейтингтік көрсеткіш мысалын ұсынамыз.

Қазақстандық жасөспірімдердің қолданысындағы діни мазмұндағы ойындарға қызығушылықтары бойынша астана қаласының 8 компьютерлік ойын клубтарына барып, жеткіншектерден ойын барысында сұхбат алдық. Діни мазмұндағы ойындарға қызығушылық жас ерекшеліктеріне қарай 9 бен 18 жас аралығын нысанға алдық.50 ден астам жеткіншекпен сұхбаттастық. Ойындардың  негізгі  діни мазмұны мен зорлық-зомбылық бойынша персонаждардың  қандай бейнелері қызықтыратынын  қарастырдық. Діни мазмұндағы 5 ойын түрі бойынша сұрақтар қойылды.

Компьютерлік ойын клубтарында жасөспірімдердің діни мазмұндағы ойындары ойнау барысында сұхбат алдық. Сұрақтарды  ойын оқиғалары кезінде қойылды.

Компьютерлік ойындарды визуалдық анализ және сұхбат алу нәтижесінде келесідей құбылыстарды көре аламыз:

—   Компьютерлік ойындар мақсатқа жеткізуші ынталандырушы құрал;

— Компьютерлік ойындар  белгілі – бір идеологияға  ықпал жасайтын қоздырушылыққа түрткі болатын құрал;

— Компьютерлік ойындар көрсетілген әсерлі бейнелер соның ішінде діни эпизодтардың жасөспірімдердің дүние танымына ықпал жасайтын бастапқы қадам.

Компьютерлік ойындар қоғамдағы орын алған саяси немесе  жарнамалық насихат түрінде таратылуы ойын индустриясында ауқымды  табыс көзіне айналдыруда.

     Шымкент қаласы дін мәселелерін зерттеу     орталығы КММ дінтанушы маманы Арапбай Нұрразы Қайратұлы.