Діни радикализм мен жат ағымдардың алдын алу семинары өтті

0
541

26 тамыз күні Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында әйел жамағаты арасында «Діни радикализм мен жат ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды психолог, коуч-треннер, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Мухамбетова Динара жүргізді. Семинардың басында және соңында «Діни сауаттылықты арттыру және діни радикализм қаупін ажырату» бойынша қатысушылардың білімдерін тексеруге арналған тест өткізілді. Іс-шараның басында олардың 23% ғана сұрақтарға дұрыс жауап берсе, соңғы тестте бұл көрсеткіш 89%-ды құрады. Деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың діни кошбасшылары, сондай-ақ радикалды идеологтардың дәрістерінде көп қолданылатын «бидғат, такфир, мүшрик, ширк» сөздерінің дәстүрлі ислам тұрғысынан дұрыс анықтамалары берілді. Діни радикалдану – қоғам, мәдениет, ғылым-білім мен өнерден ажыраған кезде бірден пайда болатын құбылыс екені жеткізлді. Шара соңында қатысушыларға Отпан орталығы тарапынан « Діни радикализм мен жат ағымдардың алдын алу» тақырыбында сертификат табысталды.

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Діни радикализм мен жат ағымдардың алдын алу семинары өтті | Қазақстандағы Ислам