Шытынаған тағдыр

0
1467

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында әйелін қорлаған 700-ден аса азамат жауапқа тартылды. Алайда, деструктивті діни ағым мүшелерінен теперіш көрген келіншектер көп жағдайда шағымданбайды. Себебі, бүгін неке қиып, ертең талақ беру қалыпты көрініс. Сондай отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандардың бірі — Айдана. Жасы жиырмадан енді асқан келіншек үш рет тұрмыста болған.