Қажыларға куәлік табысталды

0
368

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес,  биылғы жылы Мекке-Мадина шаһарларына «Tawaf Travel» қажылық компаниясы арқылы қажылық парызын өтеген азаматтар арнайы бас қосты.

Дәстүрге сәйкес, салтанатты жиын қасиетті Құран оқумен басталды.  Шымкент қалалық «Tawaf Travel» қажылық компаниясының өкілі Азамат Әбдікерімұлы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың құттықтау сәлемін жеткізіп,  алдағы жұмыс жоспарын таныстырды.  Сондай-ақ, қажылық парыз өтеп келген азаматтарға ҚМДБ-ның «Darhan Dala Travel» отандық туризм жобасы негізінде еліміздің  бірнеше  өңірлеріне зиярат һәм саяхат жасауға шақырды.

Игі басқосу «Мұмтаз» халал дәмханасында жалғасып, рухани сұқбат, сұрақ-жауап, дәріс түрінде жалғасып, соңында барлық қажыларға арнайы куәлік табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі